KAZ
  • RUS
  • KAZ

Сыныптардың кестелерімен жұмыс жасау

Соңғы өзгерістер: 29.05.2024

Сыныптардың кестелерін қалай табамыз?

Сол жақ меню → Мектепті басқару → Сыныптардың кестесі


Керекті сыныпты іздейміз

Параллель бойынша сүзу жасаңыз → Тізімнен қажетті сыныпты таңдаңыз → Толығырақ батырмасын басыңыз




Кестемен жұмыс жасау

Сабақтарды қосу

1) Тоқсан және апта бойынша фильтрация жасаймыз


    2) Ашылған кестеде керекті күн мен уақытты таңдаймыз → Ұяшықта + белгісін басамыз


    3) Ашылған терезеде 4 жолды толтырамыз → Сақтау батырмасын басамыз

      • Сабақ ретінде қосықыңыз келетін пәнді таңдаңыз

      Ескерту! Егер сізде таңдауға пәндер шықпаса, сізге бұл сыныпқа оқу бағдарламасын құру керек.

      • қажетті топты немесе бүкіл сыныпты таңдаңыз

      • осы пәнді жүргізетін мұғалімді таңдаңыз

      Ескерту! Бұл сабақ белгіленген мұғалімнің КТЖ-да көрінеді.

      • сабақ өтетін кабинетті таңдаңыз

      Осы іс-әрекетті қайталау арқылы, кестеге сабақтарды қоса аласыз.

      4) Сабақтың оң төменгі бұрышындаңы белгілерді басу арқылы, сабақты өңдей аласыз және жоя аласыз.



        Сабақтарды апта ішінде көшіру

        Қажетті сабақты таңдаңыз → жоғарғы оң жақ бұрыштағы көк белгішені басыңыз → қажетті уақытқа бағыттаңыз → сол ұяшықтың үстінен басыңыз.

        Ескерту! Көшіруді аяқтағаннан кейін көшіру режимін өшіру үшін көк белгішені қайтадан басыңыз.


        Кестені басқа апталарға көшіру

        1) Қажетті кестені таңдаңыз (тоқсанды, аптаны таңдаңыз) → Кестені көшіру батырмасын басамыз;


          2) Ашылған терезеде сіз көшірілген кестені қойғыңыз келетін тоқсан мен апта туралы мәліметтерді енгізіңіз → Растау


          3) Егер сіз осы кестені тоқсанның барлық апталарына қойғыңыз келсе, "Барлық аптаға көшіру" жазуының жанындағы құсбелгіні басыңыз → Растау

          Ескерту! Кесте ағымдағы аптадан таңдалған аптаға көшіріледі. Таңдалған аптадағы кестені көшіру кезінде кесте толығымен жойылады, содан кейін ағымдағы кестеден көшіріледі. Сабақтар КТЖ-дағы тақырыптарымен бірге жойылады. Өткен және басталған сабақтарды жою мүмкін емес.

          Ескерту! Егер алдағы апталарда сізде кейбір ұяшықтарда сабақтар болса, онда осы аптаның кестесін көшірген кезде, осы күндердегі сабақтар бір-бірінің үстінен қойылады, ондағы керек емес сабақты өзіңіз өшіру керек боласыз.

          Кестені қалай тазартамыз?

          1) Үстіңгі панельде Кестені тазарту батырмасын басамыз



            2) Іс-әрекетемізді растаймыз

            Ескерту! Өткізілген сабақтардан басқа барлық сабақтар КТЖ-дағы тақырыптарымен бірге жойылады. Өткізілген сабақтар кестеде қалады (олар жасыл түспен белгіленген).




            Кестелермен жұмыс жасау туралы бейненұсқаулық

              Мақала сізге көмек болды ма?