KAZ
  • RUS
  • KAZ

Журналдармен жұмыс жасау

Соңғы өзгерістер: 31.05.2024

Журнал бөлімін қалай табамыз?

Сол жақ меню → Bilimclass → Журнал



Қажетті журналды қалай табамыз?


1) Қажетті параллельді таңдаймыз


    2) Тізімнен қажетті сыныпты таңдаймыз → Толығырақ бағанындағы белгішені басыңыз;


    3) Қажетті пәнді таңдаймыз → Толығырақ бағанындағы белгішені басыңыз;


    4) Қажетті оқу кезеңін таңдаймыз;

    Cізге қажетті сыныптың журналы ашылды.


    Журналдың қандай блоктардан тұратынын талдап көрейік.

    1 - Осы сыныпқа таңдалған пәнді оқытатын мұғалімдер.


    2 - Таңдалған сыныптың оқушылар тізімі


    3 - Сабақ туралы ақпараты бар блок:

    • Сабақ нөмірі

    • Сынып құрамы (топ немесе бүкіл сынып)

    • Сабаққа өту батырмасы

    • Сабақ мәртебесі (өткізілген немесе өткізілмеген сабақ)

    • Бағалау (бағалау түрі мен кезеңі)


    4 - Журналдың белсенді блогы, онда сіз бағалар мен сабаққа қатусыды қоясыз.


    5 - Егер сіз журналдың соңына қарай айналдырсаңыз, сізде қорытынды бағалар мен пайыздық мәндер туралы ақпарат бар тағы бір блок бар:

    • %(ФБ+БЖБ) = ((БЖБ бағаларының сомасы + ФБ сомасы)/ (БЖБ-ға қойылатын максималды бағалардың сомасы + (Алынған ФБ саны * 10))) * 50

    • % ТЖБ = (ТЖБ бағаларының сомасы/ТЖБ бағаларының максималды сомасы) * 50

    • % Сома = %(ФБ+БЖБ) + % ТЖБ

    • Ұсынылатын баға - платформа алдыңғы есептеулерге сүйене отырып есептейді.

    • Жиынтық баға - мұғалім қолмен қояды


    Сабақты қалай өткізеді

    1) Қажетті күннің астында Сабаққа өту жазуының үстінен басыңыз, ол бөлімге кірген соң сіз бейнеконференция өткізе аласыз немесе интерактивті материалмен сабақ өткізе аласыз.


      2) Сабақ өткізілгеннен кейін сол бағандағы Сабақ өткізу жазуының үстінен басыңыз және оның статусын Өткізілді қылып өзгертіңіз.



      Сабаққа қатысуды белгілеу

      Қажетті күн астында адамның белгішесіне басып, сабаққа қатысуды қою керек.


      Белгішені басыңыз → ашылған терезеде керекті статусты таңдаңыз → Жіберу түймесін басыңыз

      Статустар:

      • қатысты - оқушы сабаққа қатысты

      • себепті - оқушы сабаққа себеппен келмеді

      • ауырды - оқушы ауырғанына байланысты келмеді

      • себепсіз - оқушы сабаққа себепсіз қатыспады


      Біз бұл процедураны барлық оқушылармен қайталаймыз.



      Журналда бағаларды қою

      Қажетті күннің астындағы + белгішелері бар жерде бағаларды қою керек.


      Белгішені басамыз → Ашылған терезеде бағаны таңдаймыз → Бар болса, пікіріңізді жазыңыз → Жіберу батырмасын басамыз


      Біз бұл процедураны барлық оқушылармен қайталаймыз.


      ТЖБ/БЖБ-ға баға қою

      ТЖБ/БЖБ бағанында + белгішесін басамыз → Бос терезеде баға қоямыз → Бар болса, пікірімізді қосамыз → Жіберу батырмасын басамыз

      Біз бұл процедураны барлық оқушылармен қайталаймыз.


        Журналдармен жұмыс жайлы бейненұсқаулық

      Мақала сізге көмек болды ма?