KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Сабақтарды өткізу мониторингі

Соңғы өзгерістер: 11.03.2026

Навигация

Сол жақ мәзір → МониторингСабақтарды өткізу: мұғалімдер

bd13d03835669890c96bdf6c91ca9bdd.png

Деректерді сүзгілеу

Беттің жоғарғы бөлігінде қажетті кезеңді таңдаңыз.

Сіз келесі кезеңдерді таңдай аласыз:

  • күн
  • апта
  • ай
  • жыл
  • немесе сізге қажет күндер аралығын таңдай аласыз

31ecb59fb5ddec2249fce6e87231c619.png

ac778ca56abe895eb705c054fe357303.png

Ескерту! Мәліметтер тек таңдалған кезең бойынша көрсетіледі.

Мектеп бойынша жалпы статистика

Беттің жоғарғы бөлігінде мектеп туралы жалпы ақпарат көрсетіледі:

  • Мектеп әкімшілерінің саны
  • Мектеп мұғалімдерінің саны
  • Сыныптар саны
  • Параллельдер саны
  • Оқушылар саны
  • Жүйеде іске қосылған ата-аналардың саны

d759e005e209a3aa34efa50577d0c7e2.png

Бұл деректер ақпараттық сипатта берілген және мектеп бойынша жалпы жағдайды көруге мүмкіндік береді.

Осы блоктағы мәліметтер тәулігіне бір рет түнде жаңартылады.

Журнал жүргізу көрсеткіштеріне шолу

Төменде таңдалған кезең бойынша мектептің негізгі көрсеткіштері көрсетіледі:

  • Журнал жүргізу индексі
  • Өткізілген сабақтар
  • Тақырыптары бар сабақтар
  • Бағалары бар сабақтар
  • Үй тапсырмасын беру

Барлық көрсеткіштер:

  • пайызбен көрсетіледі
  • жақша ішінде сандық мәндермен бірге беріледі

4dc6eac5b99558c17cc42d057baab0a7.png

Мысалы: 88% (29/33)

Бұл бөлімдегі деректер нақты уақытта жаңартылып отырады.

Журнал жүргізу индексі

Журнал жүргізу индексі — таңдалған кезеңдегі журналды жүргізудің жалпы көрсеткіші.

Ол келесі әрекеттерді ескереді:

  • сабақтарды өткізу
  • тақырыптарды толтыру
  • бағаларды қою
  • үй тапсырмасын беру

Егер барлық көрсеткіштер 100% болса, журнал жүргізу индексі де 100% болады.

Түстік индикация:

  • 70%-дан төмен — қызыл
  • 70–99% — сары
  • 100% — жасыл

Түс индекс көрсетілген ақпараттық бөлімде және «Журнал жүргізу индексі» бағанында көрсетіледі. Бұл журнал жүргізу деңгейін жылдам бағалауға мүмкіндік береді.

a9be119d56540540229d3c63bb167a21.png

Мұғалімдер кестесі

Кестеде мектептің барлық мұғалімдері көрсетіледі.

Бағандар:

  • Мұғалім — мұғалімнің аты-жөні;
  • Журнал жүргізу индексі — мұғалімнің таңдалған кезеңдегі жалпы көрсеткіші;
  • Өткізілген сабақтар — өткізілген сабақтардың саны мен пайызы;
  • Тақырыптары бар сабақтар — тақырып енгізілген сабақтардың саны мен пайызы;
  • Бағалары бар сабақтар — баға қойылған сабақтардың саны мен пайызы;
  • Үй тапсырмасын беру — үй тапсырмасы берілген сабақтардың саны мен пайызы;
  • Өту — белгілі бір мұғалімнің сыныптары мен пәндері бойынша кеңейтілген ақпаратты көруге арналған батырма.

4e73eef650a27db4f671744d02953e6c.png

Әдепкі бойынша тізім журнал жүргізу индексі бойынша өсу ретімен сұрыпталған.

Мұғалімнің аты-жөні бойынша іздеу қолжетімді. Іздеу жолағына мұғалімнің аты немесе тегін енгізіңіз.

Ескерту!
«Бағалары бар сабақтар» және «Үй тапсырмасын беру» бағандарындағы деректер "Баптаулар" бөліміндегі параметрлерге байланысты алынады.

«Бағалары бар сабақтар» бағанында пайыз шығу үшін кем дегенде бір оқушыға баға қою жеткілікті.

7021cab6462a0fcc9d1f510dbf5a2553.png

Баптаулар” бөлімі бойынша нұсқаулықтарды осы сілтемелер арқылы таба аласыз:

"Баға қойылу " бағанын баптау

"Үй тапсырмасын беру " бағанын баптау

Белгілі бір мұғалім бойынша мәліметтерді қарау

Мұғалімнің толық ақпаратын көру үшін Өту батырмасын басыңыз.

b23c26e081b71fabd50c33f43e05a1dc.png

Мұғалімнің жеке беті

Беттің жоғарғы бөлігінде таңдалған кезең бойынша мұғалімнің негізгі көрсеткіштері көрсетіледі:

  • Журнал жүргізу индексі
  • Өткізілген сабақтар
  • Тақырыптары бар сабақтар
  • Бағалары бар сабақтар
  • Үй тапсырмасын беру

Төменде әр пән және сынып бойынша толық кесте көрсетіледі.

Кестенің үстінде сыныпты таңдау жолы орналасқан.
Сыныпты таңдаған кезде тек сол сыныпқа қатысты пәндер көрсетіледі.

5edde598697e00e2b928b9c47c9d60cb.png

Кесте бағандары:

  • Сынып — сынып атауы;
  • Пән — пән атауы;
  • Журнал жүргізу индексі — осы пән бойынша жалпы көрсеткіш;
  • Өткізілген сабақтар — өткізілген сабақтардың саны мен пайызы;
  • Тақырыптары бар сабақтар — мұғалім тақырыптарды қосқан сабақтардың саны мен пайызы;
  • Бағалары бар сабақтар — мұғалім бағаларды қойған сабақтардың саны мен пайызы;
  • Үй тапсырмасын беру — үй тапсырмасы берілген сабақтардың саны мен пайызы;
  • Журналға өту — таңдалған пән журналына өту батырмасы.

Барлық көрсеткіштер:

  • пайызбен
  • жақша ішіндегі сандық мәндермен бірге көрсетіледі.

45c1e92456d8b0e7f083c93fbaaf10df.png

Кестедегі белгілеулер

  • 0% — көрсеткіш есептеледі, бірақ әрекет орындалмаған.
  • «-/-» — таңдалған кезеңде бағалау немесе үй тапсырмасын беру талап етілетін сабақтар болмаған жағдайда көрсетіледі.

cc9037406aed04e0caee5bfe25a82a64.png

Excel форматында жүктеу

Мәліметтерді Excel форматында барлық мұғалімдер бойынша немесе белгілі бір мұғалім бойынша жүктеп алуға болады. Файлды жүктеу үшін Excel-ге жүктеу батырмасын басыңыз. Файл Excel форматында қолжетімді болады

aa98b70bf0c3564260271a0d0f6ad73d.png



Мақала сізге көмек болды ма?