KAZ
  • RUS
  • KAZ

КТЖ-мен жұмыс

Соңғы өзгерістер: 31.05.2024

Керекті КТЖ-ны қалай табамыз?

1. Сол жақ мәзір → Мұғалімге → КТЖ



    2. Қажетті параллель мен пәнді таңдаңыз → әрекет бағанындағы белгішені басыңыз


    3. Тоқсан бойынша сүзу жазаймыз

      Сізге керекті сыныптың таңдалған тоқсандағы КТЖ-сы ашылды!

      Ескерту! Әкімші сыныптың кестесінде сізге сабақ тағайындаған жағдайда, сіздің КТЖ-да автоматты түрде сол сынып пен пән шығады.


      КТЖ-ны толтырамыз

      Сабаққа тақырып қосамыз

      Қажетті күн жолында Тақырыпқа арналған терезе бар. Онда сабақтың тақырыбын жазыңыз.


      Егер сіз 1 сабақта бірнеше тақырып өтетін болсаңыз:

      1. Тақырып санын жазыңыз

      2. Тақырып терезесінде тақырыптарды келесідей жазамыз:

      1. Логарифмдер

      2. Теңеулер мен теңсіздіктер




      Сабақ түрін таңдаймыз

      Ашылмалы терезеде сізге сәйкес келетін сабақ түрін таңдаңыз:

      • Қарапайым сабақ

      • БЖБ

      • ТЖБ


      Үй тапсырмасын құру

      1. Құру батырмасын басамыз


        2. Тапсырманы орындаудың соңғы мерзімін таңдаймыз


          3. Тапсырманың өзін енгіземіз


            4. Қосымша файлдар болса жүктейміз → Жіберу батырмасын басамыз


              БЖБ/ТЖБ үшін максималды ұпайды енгізу

              1. БЖБ/ТЖБ сабақ түрін таңдаймыз


                2. Максималды ұпайды енгіземіз → Ақпарат сақталу үшін, осы беттің кез-келген бос жеріне басамыз


                  Мақала сізге көмек болды ма?