KAZ
  • RUS
  • KAZ

Ата-ананы тіркеу

Соңғы өзгерістер: 31.05.2024

Бірінші сілтеме бойынша тіркелу

Ескерту! Егер сіз Bilim Land экожүйесінде тіркелген болсаңыз, онда сіз бұрын құрылған есептік жазбамен кіре аласыз.

1. Bilim Land-тен келген SMS хатты ашыңыз


    2. Сілтемеге өтіңіз → Сізде тіркелу беті ашылады

    Егер сіз бұған дейін BilimClass платформасында тіркеліп, енді өзіңізге келесі баланы қосқыңыз келсе, нұсқаулықтың келесі бөлігіне өтіңіз Екінші баланы өзімізге қалай тіркейміз?


    3. Растау кодын қабылдайтын телефон нөміріңізді енгізіңіз → Құсбелгі қою арқылы, пайдаланушы келісімін қабылдаңыз → Жіберу


    4. Хабарламадағы растау кодын енгіземіз → Жіберу


    5. Есептік жазбаңызға құпиясөз құрыңыз → Растау үшін тағы бір рет енгіземіз → Жіберу


    6. Аты-жөніңізді,электрондық поштаңызды енгізіңіз → Жіберу

      *электрондық поштаны енгізу міндетті түрде емес


      7. Құттықтаймыз! Сіз өзіңіздің есептік жазбаңызды балаңыздың есептік жазбасына сәтті тіркедіңіз.



        Есептік жазбаңызда сіз баланың сабақ кестесін, үй тапсырмасын және күнделігін көре аласыз. Бұл мүмкіндіктердің барлығы сол жақ мәзірде қол жетімді.


        Екінші баланы өзімізге қалай тіркейміз?

        1. Bilim Land-тен келген сілтемесі бар SMS-ті ашыңыз


          2. Сілтемеге өтіңіз → Сізде тіркелу беті ашылады, бірақ сіз тіркеліп қойғандықтан, сізге тек платформаға өз логиніңіз бен құпиясөзіңізді енгізу арқылы Кіру керек


            3. Өз аккаунтыңыздан логин/телефон және құпиясөзді енгізіңіз → Кіру



              4. Құттықтаймыз! Сіз өзіңіздің есептік жазбаңызды 2-ші балаңыздың есептік жазбасына сәтті тіркедіңіз.



              Екінші бала туралы ақпаратты қайдан көрсе болады?

              Өз аккаунтыңызда жоғарғы оң жақ бұрыштағы белгішені басыңыз → Керекті баланы таңдап, соның атының үстінен басамыз → Сол жақ мәзірде күнделігін, сабақ кестесін, үй тапсырмаларын қараймыз.


              Мақала сізге көмек болды ма?