Егер сіз мұғалім де, ата-ана да болсаңыз балаңыздың күнделігін өз жұмыс аккаунтыңыз арқылы қарау үшін алдымен балаңыздың сынып жетекшісі сіздің телефон нөміріңізге SMS-шақырту жіберуі керек.
SMS хаттағы сілтеме бойынша өтіңіз. "Кіру" батырмасын басып, өз логиніңіз бен құпиясөзіңізді енгізіп BilimClass-қа кіріңіз.


Аккаунтыңызға кірген соң, бала бірден осы жұмыс аккаунтына қосылады. Ашылған бетте жоғарғы оң жақ бұрыштағы белгішені басыңыз.

Таңдауға 2 аккаунт шығады, бірі өзіңіздің жұмыс аккаунтыңыз, екіншісі балаңыздың аккаунты. Тізімде балаңыздың аты жазылған аккаунтты таңдаңыз.

Баланың аккаунтын таңдай отырып, сіз оның күнделігін, үй тапсырмаларын және сабақ кестесін көре аласыз.

Өзіңіздің жұмыс аккаунтыңызға қайту үшін, жоғарғы оң жақ бұрыштағы белгішені қайта басып, өз аккаунтыңызды таңдаңыз.