KAZ
  • RUS
  • KAZ

Пәндер тізімі

Соңғы өзгерістер: 11.06.2024

Енді пәндер тізімі бөлімі мұғалімдерге қолжетімді. Бұл бөлімде КТЖ құрғанда қолданылатын BilimLand сабақтары орналасқан. 


Пәндер тізімі бөлімі қайда орналасқан?

Сол жақ мәзір → BilimClass → Пәндер тізімі


Мектеп пәндерінің тізімі бар бет ашылады. Ондағы пәндер 2-ге бөлінеді:

1. Бастауыш мектеп (1,2,3,4 классы)

2. Орта мектеп (5,6,7,8,9,10,11 классы)


Пәннің карточкасын талдайық

Ол келесі ақпараттан тұрады:

  • Пән атауы - Қазақ тілі

  • Сабақтар саны - 813

  • Оқыту тілдері - қазақша, русский

  • Сабақтар арналған сыныптар - 1,2,3,4


Керекті пәннің карточкасының үстінен басып, жоғарыда көрсетілген шарттар бойынша сүзу жасасаңыз, сізде тақырыптары жазылған сабақтардың тізімі шығады.


Тізімде сіз керек сабақты таңдап, соның мазмұнын көре аласыз


BilimLand сабағын КТЖ-ға қосу

1.  Керекті КТЖ-ны ашып, сондағы Интерактивті сабақ бағанында Сабақты қосу батырмасын басамыз.

2. Ашылған модальді терезеде BilimLand сабағы сабақ түрін таңдаймыз.

3. Керекті оқу жылын және тоқсанды таңдаймыз.

4. Барлық шарттарды енгізген соң, сіз сабақ тақырыбын таңдай аласыз. Сақтау батырмасын басамыз.

5. Құттықтаймыз! Сіз BilimLand сабағын сәтті қостыңыз.

Мақала сізге көмек болды ма?