KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Мектеп туралы жалпы мәліметтер

Соңғы өзгерістер: 22.05.2026

Мектеп туралы жалпы мәліметтер қайда орналасқан?

Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Мектеп баптаулары

4b51f4e4b63ba138669a984afc728e84.png

Мектептің жалпы мәліметтерін өңдейік

1. Ашылған бетте Жалпы мәліметтер бөлімін таңдаймыз

caf7ccf0b9305f518222b037706a7864.png

2. Жалпы мәліметтер 7 блоктан тұрады:

1 блок - БСН, Мектеп атауы, Облыс, Аудан, Мектептің орналасқан жері. Бұл бөлімге түзетулер енгізу үшін, Көмек бөлімінде орналасқан байланыс арналарының біреуі арқылы Қолдау қызметіне хабарласу керек. 

ea01195f41f5136ee715d4907ee33236.png

2 блок - Байланыс деректері. Бұл бөлімге түзетулерді сіз өзіңіз енгізе аласыз. Ол үшін Түзету батырмасын басыңыз.

3 блок - Мектеп түрі. Бұл бөлімге түзетулерді сіз өзіңіз енгізе аласыз. Ол үшін Түзету батырмасын басыңыз.

f0f59344b13770d58ef8739f4e003f34.png

4 блок - Табельдегі ақпарат. Бұл бөлімге түзетулерді сіз өзіңіз енгізе аласыз. Ол үшін Түзету батырмасын басыңыз. Енгізілген ақпарат барлық мектеп оқушыларының табельдерінде көрінеді. 

08fbc05878d387f1beb9c475d2c15c9f.png

Түзетулерді енгізген соң Сақтау батырмасын басуды ұмытпаңыз.

2340f188a8162a7bad2073565859c829.png

5 блок - Журналға баға қоюға уақыт шектеулері. Ашылмалы бағыттауышты басу арқылы күндер санын таңдай аласыз. 

964e435e713968c36da10c41010039e5.png

Ескерту! Бұл параметр мұғалімдердің журналға баға қою уақытына шектеу қою арқылы әсер етеді. Көрсеткіш күнтізбелік күндерде көрсетілген!

6 блок - Сынып жетекшілерінің сабақ кестесімен жұмыс істеуіне қолжетімділік. 

Сынып жетекшісіне өзінің сыныптарының кестесін өңдеуге мүмкіндік береді.

7d8868b3b3872e9035705d22930fc5bf.png

7 блок - Мұғалімдердің мектептің барлық журналдарына қолжетімділігі. 

Мұғалімдерге басқа сыныптар мен пәндердің журналдарын көру мүмкіндігін береді. Өңдеу және деректерді өзгерту қолжетімсіз.

8c16a989f7eec9edd6aceef435f45dac.png

Мақала сізге көмек болды ма?