Үй тапсырмасын қалай қосады?
Сол жақ мәзірдегі Online Mektep қойындысын басыңыз.
Кесте бөліміне өтіңіз.
Күн мен сыныпты таңдаңыз.
Қажетті пәнді таңдап, Үй тапсырмасы бағанынан Құру батырмасын басыңыз.
Оқушылардың үй тапсырмасын орындау күні мен уақытын көрсету арқылы тапсыру мерзімін таңдаңыз.
Құсбелгі белгішесін басыңыз.
Тапсырма бөлімін толтырыңыз.
Қажет болған жағдайда файл қосыңыз.
Сақтау батырмасын басыңыз.
Үй тапсырмасы құрылды.