KAZ
  • RUS
  • KAZ

Тақырыптық жоспарлауды құру

Соңғы өзгерістер: 04.06.2024

Біз мұғалімдерге арналған жаңа "Тақырыптық жоспарлау" бөлімін қостық!

Бұл бөлімде сіз жасайтын және болашақта КТЖ толтыру кезінде пайдалануға болатын тақырыптық жоспарлар болады.


1. Сол жақ мәзір → Мұғалімге → Тақырыптық жоспарлау


    2. ТЖ қосу батырмасын басамыз


      3. Ашылған терезеде Негізгі не Қосымша оқу түрін таңдаймыз. Келесі батырмасын басамыз.


        4. ТЖ туралы ақпаратты толтырайық:

          • Оқу жылы

          • Кезең

          • Параллель

          • Пән

          • Оқу тілі

          • ТЖ-дағы (жоспар) сағаттар саны

          Барлық ұяшықтарды толтырған соң Сақтау батырмасын басыңыз.


          Тақырыптық жоспарлауды импорттау

          Файлды импорттау үшін файлдың келесі форматтардың бірінде екеніне көз жеткізіңіз:

          • XLS (Microsoft Excel 97-2003)

          • XLSX (Microsoft Excel 97-2003)

          *Егер сіздің компьютеріңіздегі Excel жаңарақ болса, онда файлды жоғарыдағы форматтарда қайта сақтаңыз.

          1. Файлды таңдау батырмасын басып, компьютерден керекті файлды жүктейміз


            2. Егер сіз өзіңіздің файлыңыздың бірінші жолын платформадағы ТЖ бағандарының атауы ретінде пайдаланғыңыз келсе, онда осы жазудың жанына құсбелгі қойыңыз → Келесі батырмасын басамыз


              3. Файлдағы баған деректерін BilimClass ішіндегі ТЖ бағандарымен салыстырыңыз


                Әр терезеде ашылмалы мәзірде сіздің файлыңыздан баған атаулары шығады. Олардың ішінен дұрысын таңдап Келесі түймесін басыңыз

                4. Керек болған жағдайда деректерді түзетіп алыңыз. Импорттау бағанының бойында керек емес тақырыптардың жанынан құсбелгіні алып тастасаңыз болады.

                  5. Импорттау батырмасын басамыз. Ашылған терезеде әрекетімізіді растаймыз.

                  Ескерту! Егер ТЖ-да бұған дейін тақырыптар болып, бірақ сіз оның үстінен тағы файл жүктесеңіз, ескі тақырыптарыңыз жаңаларына ауысады.



                  Тақырыптық жоспарды толтыру

                  1. Қажетті ТЖ жолының бойындағы Іс-әрекет бағанындағы көрсеткіні басыңыз.


                    2. Тақырыптар қосу батырмасын басамыз


                      3. Тақырыптарды қосып, сағаттар санын көрсетеміз. Барлық тақырыптарды толтырған соң, Сақтау батырмасын басамыз.


                        ТЖ-ды қалай жоямыз?

                        1. Фильтрация жасап, керекті ТЖ-ды іздейміз




                          2. Керекті ТЖ-дың жанындағы Іс-әрекет бағанында жою батырмасын басамыз


                            3. Ашылған терезеде әрекетімізді растаймыз




                              ТЖ-ды түзету

                              1. Фильтрация жасап, керекті тақырыптық жоспарды іздейміз



                                2. Керекті ТЖ-дың бойындағы Іс-әрекет бағанындағы көрсеткішкі бас арқылы Тақырыптық жоспар бетіне кіреміз


                                  3. Түзету батырмасын басып, керекті өзгерістерді енгіземіз


                                    4. Өзгерістерді енгізген соң, Сақтау батырмасын басамыз.


                                    Мақала сізге көмек болды ма?