KAZ
  • RUS
  • KAZ

Үй тапсырмалары

Соңғы өзгерістер: 03.06.2024

Үй тапсырмасы - сіз құрған үй тапсырмалары және оқушылардың орындаған тапсырмалары орналасқан бөлім.


Үй тапсырмалары қайда орналасқан?

Сол жақ мәзір  → BilimClass →  Үй тапсырмасы

Сізде ашылатын бірінші бет - ол тексерілмеген үй тапсырмаларың тізімі бар бет. 

Оларға пән бойынша сүзу жасай аласыз.


Кесте неден тұратынын талдап көрейік.

Сабақтың тақырыбы - сіз үй тапсырмасын қосқан сабақтың тақырыбы.

Сынып - үй тапсырмасы берілген сынып.

Құрастырылған күні -  үй тапсырмасы құрылған күн.

Тексерілмеген жұмыстар - тексеру керек үй тапсырмаларының саны.

Әрекеттер - үй тапсырмасының өзіне өту


Үй тапсырмасының мазмұнын қалай караймыз?

1.  Тізімнен керекті үй тапсырмасын таңдап, Әрекеттер бағанындағы көрсеткішті басамыз

2. Үй жұмысын көру батырмасын басамыз

3. Сізде үй тапсырмасының мазмұны ашылды.


Үй тапсырмаларын тексеру

1. Керекті сабақтың бойындағы Әрекеттер бағанындағы көрсеткішті басамыз

2. Сізде тапсырылмаған үй тапсырмалары жайлы ақпараты бар бет ашылады.

Оқушының аты-жөні - үй тапсырмасы тексерілмеген оқушының аты-жөні

Мәртебе - үй тапсырмасының мәртебесі

Тапсыру күні - оқушы үй тапсырмасын орындап жіберген күн

Бағалау - үй тапсырмасының бағасы

Опциялар - үй тапсырмасын тексеру немесе қайта тексеру батырмалары

 

3. Тексеру батырмасын басамыз

4. Сізде үй тапсырмасы туралы толық ақпараты, үй тапсырмасын бағалау және кері байланыс үшін ұяшықтары бар бет ашылды.

Мұғалімнен тапсырма - сіз орындауға берген тапсырма. Осы ұяшықтағы Сабаққа өту батырмасын басу арқылы сабақтың мазмұнын көре аласыз.

Оқушының орындалуы - оқушы орындаған үй тапсырмасы. Осы ұяшықтағы Жеке хабарлама жазу батырмасын басу арқылы оқушымен хабарласа аласыз.

5. Ұстаздан кері байланыс - оқушының үй тапсырмасына кері байланыс беретін ұяшық.

Бағалау - орындалған үй тапсырмасын бағалайтын ұпайыңызды белгілеу керек ұяшық.

Кері байланыс пен ұпайды қойған соң, Жіберу батырмасын басуды ұмытпаңыз.


Үй тапсырманы жою

Үй тапсырмасын бірде-бір оқушы орындамаған жағдайда жоюға болады.

1. Тізімнен керекті үй тапсырмасын таңдап, соның бойындағы Әрекеттер бағанындағы көрсеткішті басамыз

2. Үй тапсырманы жою батырмасын басамыз

3. Әрекетімізді растаймыз


Барлық үй тапсырмаларының тізімі

1) Үй тапсырмасы бөліміне өткен кезде ашылатын бірінші бет тексерілмеген үй тапсырмалары болып табылады. Барлық үй тапсырмаларын ашу үшін Барлық үй тапсырмаларыны тізімі батырмасын басыңыз.

Мақала сізге көмек болды ма?