Біз мұғалімдерге арналған "Мұғалімнің бақылау тақтасы" атты жаңа бөлім қостық! Бұл бөлімде сіз жүргізетін сабақтар жайлы өзекті ақпарат көрсетілетін болады.
Мұғалімнің бақылау тақтасы неден тұрады?
1. Сол жақ мәзір → Bilimclass → Бақылау тақтасы
2. Кезең бойынша сүзу жасаймыз
3. Бөлімнің жоғарғы бөлігі келесі ақпараттан тұрады:
Тақырыпсыз сабақтар - тақырыптары толтырылмаған сабақтар саны
Өткізілмеген сабақатар - таңдалған кезеңде өткізілу керек сабақтар саны
Үй тапсырмасы жоқ сабақтар - үй тапсырмасы жоқ сабақтар саны. Әдепкілік бойынша үй тапсырмасы берілмейтін сабақтар саналмайды. Мысалы ТЖБ сабағы не каникул алдындағы соңғы сабақ.
4. Таңбаларды белгілеу - сабаққа қатысты белгілі бір мәртебе не шартты білдіретін таңбалар.
5. Мұғалімнің сабақ кестесі - таңдалған кезеңдегі сіз мұғалім болып тағайындалған сабақтар. Әр сабақ карточкасыңда журналға немесе КТЖ-ға өтуге мүмкіндік беретін батырмалар бар.
6. Сабақ карточкасы неден тұрады:
7. Сабақ мәртебесінің 2 түрі болады.
Өткізілді (жасыл түсті) - сабақ өткізілген болса жасыл түспен жанады
Өткізілмеді (қызыл түсті) - сабақ болатын күн өтіп кетіп, сабақ өткізілмеген жағдайда осы мәртебе болады. Сабақ болатын күн келіп, сабақты өткізу керек болса, осы мәртебе болады.
Өткізілмеді (сұр) - сабақ болатын күн әлі келген жоқ.