KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Журналдың жаңа форматы

Соңғы өзгерістер: 16.02.2026

Енді платформамыздағы Журналдар одан әрі ыңғайлы және функционалды!

Журналдағы жаңартулар:

  • Бірнеше оқушыға бірден баға қою;

  • Бағаны, оқушының сабаққа қатысуын қою және түсініктеме жазу әрекеттері бір терезеде;

  • Журналдың жоғарғы бөлігіндегі жаңарту;

  • БЖБ/ТЖБ бағандарын түспен белгілеу;

  • Журналды бүкіл экранға ашу;

  • Қорытынды баға қоюдың жаңа форматы;

  • Жаңартылған ұяшықтар (бағалар және сабаққа қатысулар).



Журнал бөлімі қайда орналасқан?

Сол жақ мәзір  → BilimClass → Журнал

b5dc7684ed8cfca2a09a6dc1430075fb.png

Журнал бетінде сыныптар туралы келесі ақпараттары бар кесте көрсетіледі:

  • Сынып.

  • Оқу тілі.

  • Сынып жетекшісі.

  • Оқыту бағдарламасы.

  • Сынып туралы толық ақпаратқа өту үшін "Толығырақ" батырмасы.

f79ede37aa2187d34b16dba692780ab1.png


Журналдағы сүзгілер

f4a59b669d8a83786e0a5d760c87b04f.png

Парақшада келесі сүзгілер қолжетімді::

  • Сынып параллелі — белгілі бір параллельді таңдау үшін.

  • Толық көрсету— тізімге аяқталған (мұрағаттағы) сыныптарды қосу немесе алып тастау үшін құс белгісін қоятын батырма.

  • Оқу тілі — таңдалған оқу тілі бойынша сыныптарды көрсету үшін.

Ескерту! Аяқталған сыныптың журналын таңдаған кезде ақпаратты тек көруге болады, журналды өңдеу мүмкін емес.

Аяқталған (мұрағаттағы) сыныптар дегеніміз не?

Сынып келесі жағдайларда мұрағаттағы мәртебесін алады:

  • Егер сынып жойылса.

  • Жеке оқыту бағдарламасы аяқталғаннан кейін.

  • Келесі оқу жылына трансферден кейін (мәртебе әлі нақты емес, талқылануда).


Бірнеше оқушыға бірден баға қою

1. Керекті журналды ашып, кезең бойынша сүзу жасаймыз

2. Журналда керекті сабақты таңдап, соның жанындағы "Бірнеше оқушыға қою" батырмасын басамыз

dc90fdea2d03c5da262355bbb894734e.png

3. Ашылмалы терезеде қажетті бағаны таңдаңыз

a06c6c58d1ea5107b3a46d2c9da08034.png

4. Таңдаған бағаны қойғымыз келетін оқушылардың жанына құсбелгі қойып шығамыз. Керек болса, бүкіл сыныпты не топты таңдауға болады  → Жіберу батырмасын басамыз

1fb1ae4acacfbe894a75d4c0212931f1.png


Бағаны, оқушының сабаққа қатысуын қою және түсініктеме жазу әрекеттері бір терезеде

1.  Керекті журналды ашып, кезең бойынша сүзу жасаймыз

2. Барлық сабақтарды көру үшін, керекті айдың жанындағы көрсеткішті басамыз

f9b60a3f70d44fff8eb9e20bd6b5befa.png

3. Сабақ пен оқушыны таңдап, тиісті ұяшықты басамыз

2e8a6abe95a915ad14b8ffa6e262f474.png

4. Баға, қатысу және түсініктемені толтырып, Жіберу батырмасын басамыз.

  • Егер сіз бағаны немесе қатысуды белгілесеңіз, терезе автоматты түрде жабылады. Барлық деректер журналда сақталады.

  • Егер сіз түсініктеме жазып, Enter бассаңыз, терезе автоматты түрде жабылады. Барлық деректер журналда сақталады.

Сіз кез келген уақытта ұяшықты қайта басып, деректерді өзгерте аласыз.




Журналдың жоғарғы бөлігіндегі жаңарту


Журналдың жоғарғы бөлігі енді 3 деңгейден тұрады. Журналдың күнделікті бағаларды қамтитын бөлігі келесі жолдардан тұрады:

  • сабақ өтетін ай

  • сабақ күні

  • сабақ мәртебесі

81f287fcb20cd2bbf7d2dcc2fe45031c.png

Журналдың жиынтық бағаларды қамтитын бөлігі келесі жолдардан тұрады:

  • Жиынтық бағалау түрі

  • Сабақ күні

  • Сабақ мәртебесі

89d4456ad396ccabea00181e4c581b0d.png

Кезең бойынша бағалауды есептейтін бөлік, бағалаудың түрін білдіретін 1 ғана жолдан тұрады. 

e7c08dae6e6f5bd285afa21a6f85d07e.png

БЖБ/ТЖБ бағандарын түспен белгілеу

Мұғалімдердің ыңғайы үшін, БЖБ/ТЖБ бағандары бөлек түспен белгіленеді.


- БЖБ сары түспен белгіленеді
- ТЖБ қылғылт түспен белгіленеді

c438dd495a88413f69a1630d61d20dc2.png


Сонымен қатар, БЖБ/ТЖБ бағалары да бөлек түспен белгіленеді. Оқушы жалпы балдан:

80 - 100% дұрыс жауап берсе, баға қою жасыл түске боялады.

70-79% дұрыс жауап берсе, баға ашық жасыл түске боялады.

60-69% дұрыс жауап берсе, баға сары түске боялады.

50-59% дұрыс жауап берсе, баға қызғылт сары түске боялады.

50% немесе одан азға жауап берсе, баға қызыл түске боялады.

Журналдағы мәндер қалай есептелетіні туралы нұсқаулық.



Журналды бүкіл экранға ашу


Сіз журналдың барлық бөлімдерін бір уақытта көру үшін, журналды бүкіл экранға аша аласыз. Ол үшін "Журналды бүкіл экранға ашу" жазуының жанына құсбелгі қойыңыз.

d8ae7e383c30f93e65832abf0b0cbea9.png



Журналды қайта қалпына келтіру үшін, "Журналды бүкіл экранға ашу" жазуының жанындағы құсбелгіні алып тастаңыз.



Қорытынды баға қоюдың жаңа форматы


Ашық журналдағы қорытынды бағалар бағанында, жүйе сізге Ұсынылатын бағаны көрсетеді. Сол бағаның үстінен басу арқылы, сіз автоматты түрде Ұсынылатын бағаны қоясыз.

808514bf54be4085308f33c641276d1b.png


Қажет болса, қойылған Ұсынылатын бағаны өзгерте аласыз. Ол үшін: 

1. Қорытынды баға ұяшығын басыңыз

2. Бағаны керектіге өзгертіңіз

3. Жіберу батырмасын басыңыз

6108d6a058ab32f4d895762163044be7.png

Жабық журналда баға қою мүмкін емес екендігін ескеріңіз.

Маңызды! Қорытынды бағаны енгізген кезде жүйе сол сәттегі ұсынылған бағаны автоматты түрде сақтайды.

Кейінірек БЖБ, ТЖБ немесе формативті бағалар жаңартылса және ұсынылған баға өзгерсе — жаңа мәні де жүйеде сақталады. Барлық өзгерістер "Журналдардың өзгеруін бақылау" бөлімінде көрсетіледі.



Жаңартылған ұяшықтар (бағалар және сабаққа қатысулар)


Енді журналда бағалау және сабаққа қатысуға арналған екі бөлек баған болмайды. Екі көрсеткіш те бір ұяшықта біріктірілген, бұл бағалау процесін жеңілдетеді. Төменде ұяшық түрлері және олардың анықтамалары келтірілген:


9ae37f401632539c683368d71ddd8fd2.png
Сабақта болды, бірақ баға мен түсініктеме жоқ


68c5dfa0da5df31aa267576ab8b62d3c.png
Сабаққа себепсіз келмеді

e60e413fb557c44d78068651b7ecacc1.png
Сабақтан себеппен қалды


ba5fc8933de7e67a23858a2b302f1e7a.png
Сабаққа ауырғандықтан келмеді


f373237b8ccbdc08c048759c17a8189a.png
Сабаққа қатысты, баға мен түсініктеме бар
5f003d01213f678c0f2b7b07b2b2ddce.png

Назар аударыңыз: кей жағдайларда ұяшық белсенді емес (қою сұр түсті) болуы мүмкін, бірақ ішінде баға көрсетіледі.
Бұл оқушыны топтар немесе сыныптар арасында ауыстырумен, сондай-ақ келу/кету күнін өзгертумен байланысты болуы мүмкін. Мұндай бағалар ұсынылған қорытынды бағаны есептеуде ескеріледі және журналда көрсетіледі.

Мақала сізге көмек болды ма?