Облыстық және аудандық әдіскерлер өз облысының мектептерінде оқу жылын аяқтауға керекті аттестаттау кезеңдерін өздігінен басқара алады.
Кезеңдерді бағалауды басқару бөлімі қайда орналасқан?
Сол жақ мәзір → Мониторинг → Кезеңдерді бағалауды басқару
Бағалау кезеңін қалай ауыстырамыз?
1. Оқу жылы кезеңін, керекті аудан мен мектепті таңдаймыз
2. Сізде келесі ақпараттан тұратын кесте ашылады:
Аудан - мектеп орналасқан ауданның атауы (облыстық әдіскерде ғана көрінеді)
Мектеп - мектептің атауы
Мәртебесі - оқу жылын жабу бойынша бағалау кезеңінің мәртебесі:
Басталған жоқ - мектеп Оқу жылы кезеңін бағалауды бастамады;
1-кезең - мектеп жылдық бағаларды қойып, емтиханы жоқ журналдарды жабады. Емтиханы бар журналдарда жылдық бағаларды растайды.
2-кезең - мектеп емтиханы бар журналдарда емтихан бағаларын және қорытынды бағаларды қойып шығады.
3-кезең - мектеп қалған есепке жатпайтын пәндер бойынша журналдарды жабады. Есептік пәндердің журналдары бұл кезеңде жабылып қойылу керек.
Аяқталды - мектеп Оқу жылы кезеңінің бағалауын аяқтады, барлық жылдық журналдар жабылды.
3. Кестенің мәртебесі бағанында мектептің қазіргі мәртебесі жазылып тұрады.
4. Қалам белгісін басып, ашылған терезеде керекті кезеңді таңдаймыз.
5. Растау батырмасын басып, әрекетімізді растаймыз.
6. Құттықтаймыз! Сіз бағалау кезеңін сәтті ауыстырдыңыз.