KAZ
  • RUS
  • KAZ

Сынып журналдарын жүктеу

Соңғы өзгерістер: 18.07.2024

Енді әкімшілер мен мұғалімдер сынып журналдарын PDF форматында жүктей алады!


Ескерту! Сынып журналдарын қалыптастыру үшін пәннің барлық журналдарының (тоқсандық, жартыжылдық, жылдық) мәртебесі жабық болуы керек.

Сынып журналды жүктеу үшін:

1. Сол жақ мәзір → Есептілік → Сынып журналы




2.  Параллель бойынша сүзу жасаңыз


3. Әрекеттер бағанында баптау батырмасын басыңыз


Ескерту! Баптау батырмасы журнал қалыптастыру процесінде болған кезде немесе сынып бойынша бағалау түрі Қорытынды баға, Сыналды/Сыналмады пәндер бойынша ашық журналдар бар болған кезде Қолжетімсіз (сұр түсті) болады.


4. Журналды жүктегіңіз келетін кестенің қажетті форматын таңдаңыз (жартыжылдықтар бойынша/тоқсандар бойынша)

  • Егер жартыжылдықтар бойынша форматы таңдалса, әр жартыжылдық үшін тиісті тоқсан мен аптаны таңдау керек.

  • Егер тоқсандар бойынша формат таңдалса, әр тоқсан үшін тиісті аптаны таңдау керек.


5. PDF форматындағы журнал үшін тілді таңдаңыз


6. Таңдалған параметрлерді сақтау батырмасын басыңыз


Ескерту! "Таңдалған параметрлерді сақтау" батырмасы тоқсан мен аптаның барлық таңдау өрістерін толтырғаннан кейін қолжетімді болады. Батырманы басу арқылы деректер сақталады және баптау батырмасы қолжетімді болады.

7. Кестені қарау батырмасын басыңыз

Ескерту! Сабақ кестесі бар кесте тек қарау үшін қолжетімді болады. Деректерді өңдеуге, қосуға және жоюға болмайды.


8. Кестені таңдау батырмасын басыңыз


Кесте келесі деректерді қамтиды:

  • - Журналда тақырыпты көрсету тәртібін анықтайды. Пәндердің ретін өзгерту үшін оларды тінтуірдің көмегімен сүйреу арқылы орнатуға болады. Құсбелгіні сөндіру кезінде пән тізімнің астына түседі.

  • Пән - Оқу бағдарламалары бөлімінен алынған сынып пәндерінің тізімі

  • Журналда көрсету:

  • Өшірулі - тақырып сынып журналына кірмейді

  • Қосулы - тақырып сынып журналына кіреді

  • Кесте қақпағындағы жоғарғы құсбелгі барлық құсбелгілерді жылдам қосуға немесе өшіруге мүмкіндік береді.

  • Табель деректері бойынша пән түрі - Пән табелінен алынған пән түрі өрісіндегі мәліметтер. Бұл пәннің Негізгі Пәндерде немесе таңдау пәндерінде оқу үлгерімін есепке алудың жиынтық парағында көрсетілуіне әсер етеді

  • Топ - Кесте блогында таңдалған анықтамалық аптадан алынады

  • Мұғалім - әдепкі бойынша анықтамалық аптаның соңғы сабағынан алынған мұғаліммен толтырылады. Іздеу мүмкіндігі бар мұғалімді таңдау өрісі. Чекбокс өшірілген кезде журналда өрісті көрсету белсенді емес


9. Барлығы таңдалғаннан кейін Сынып журналын жүктеу батырмасын басыңыз

Ескерту! Егер кесте блогы толтырылмаса/сақталмаса немесе бірде-бір пән көрсетілмесе, сынып журналын жүктеу батырмасы қолжетісіз болады.


Модальды терезеде расталғаннан кейін енгізілген параметрлер бойынша сынып журналын құру кезегіне жазба жасалады

10. Құру батырмасын басыңыз

Ескерту!  Журналды құру кезінде, сынып журналына ағымдағы журнал қалыптасқаннан кейін ғана қайта тапсырыс беруге болады. Файлды құру үшін біраз уақыт кетуі мүмкін екенін ескеріңіз. Журналды қалыптастырғаннан кейін жүктеу батырмасы қолжетімді болады.

11. Журнал дайын болғаннан кейін, Жүктеу батырмасын басыңыз

Ескерту!  Енгізілген журнал параметрлері сақталады. Сынып журналын қалыптастырғаннан кейін "Параметрлер" батырмасы арқылы сынып журналының параметрлерін баптау бетіне өтіп, бұрын енгізілген параметрлерді көруге болады.

12. Жаңартылған журнал мәртебесін көру үшін, Жаңарту батырмасын басыңыз


Мақала сізге көмек болды ма?