Тоқсанның жабылуы - BilimClass ЭЖ оқу кезеңін қорытындылау сәті. Журналдарды жабуға арналған бұл бөлім барлық бұрын енгізілген мәліметтер негізінде қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуге, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларды қолмен реттеуге мүмкіндік береді. Бұл қателер қаупін азайтып, тексеру процесін жеңілдетеді.
2. Бағалау кезеңін іске қосу
Кезеңді бағалауды бастау батырмасын басыңыз.
Әрекеттің дұрыстығын растаңыз.
Ескерту! Қорытындылау кезеңі іске қосылғаннан кейін ғана мұғалімдер журналдарды жаба алады.
Назар аударыңыз! Қорытынды аттестаттау басталғаннан кейін мектепте оқушылардың қозғалысы бойынша іс-әрекеттер (оқушыларды топтар арасында ауыстыру, оқушыларды сыныптар арасында ауыстыру, оқушылардың мектепке келуі және кетуі әрекеттері) бұғатталады. ""Кезеңді бағалауды бастау"" батырмасын басқанға дейін оқушылардың қозғалысына байланысты барлық әрекеттерді орындауға кеңес береміз.3. Сүзгі мен параметрлерді орнату
Сізге қажет тоқсан және бағалау кезеңін таңдаңыз.
Маңызды! 1-ші кезең дегеніміз не? Бұл есеп берілетін пәндер. Бұл параметрді Сіз Оқу бағдарламаларын құру кезінде пәннің деректерінде белгілейсіз. Белгілі бір пән есепте көрінуі үшін пәннің деректерінде "Есепте көрсетіледі" басыңыз.
Есепте көрсетілген пәндер "Білім сапасы" көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді.
2- ші кезең дегеніміз не? Бұл Мектеп әкімшісі пәннің деректерінде "Бағалау жоқ"деп белгілеген, есеп берілмейтін пәндер. Бұл пәндер “Білім сапасы" көрсеткіштеріне әсер етпейді.
4. Қорытынды бағаларды тексеру және деректерді бақылау
- Барлық пән мұғалімдерінің барлық сыныптар бойынша журналдарының жабылуын бақылаңыз.
- Сынып журналын тексеру үшін қажетті сынып пен параллельге өтіңіз
- Барлық журналдарда деректердің дұрыс екендігіне және қорытынды бағалардың дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз.
- Мұғалімдерге қорытындылау кезеңінің белгілі бір кезеңі жабылғаннан кейін пән журналын ашу мүмкіндігі болмайтынын ескертіңіз.
5. Қорытындылау кезеңдерін аяқтау
Ескерту! 2-ші кезеңнің қорытындылау кезеңін жабу 1-ші кезең жабылғаннан кейін ғана қолжетімді болады.
- 1-кезеңнің барлық журналдарын жабу бойынша деректердің дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін "Білім басқармасына деректерді жіберу" батырмасын басыңыз.
- Әрекеттің дұрыстығын растаңыз.
Ескерту! Әрекетті растағаннан кейін сіз 1-кезеңге жататын пәндер журналдарын ашып, жаба алмайсыз. Сіздің мектебіңіздің білім сапасы бойынша барлық деректер Білім басқармасына жіберіледі.
Әрі қарай, мұғалімдер 2-ші кезеңнің барлық журналдарын жауып болғаннан кейін, "Білім басқармасына деректерді жіберу" батырмасын басыңыз.
Құттықтаймыз Сіз тоқсанды сәтті аяқтадыңыз!