KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Сынып табельдерін жаппай қалыптастыру

Соңғы өзгерістер: 29.05.2025

Енді табельдерді жаппай қалыптастыру мүмкіндігі қолжетімді болды. Бұл функция бүкіл сыныпқа табельдерді бірден, ортақ деректерді алдын ала енгізу арқылы қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қалай жұмыс істейді:

1. «Табельдер» бөліміне өтіп, қажетті сыныпты таңдаңыз.

AD_4nXf2q4W3dfV_YMdLFohgkBkDtJRUGSDRhfM0

2. Қалыптастырылатын табель түрін таңдаңыз:

AD_4nXeYBHRfzIFb1Kx3FszR9KTMn4o1nqAQ0gR-
  • Оқу жылының табелі

  • Осы сынып аясындағы табель

3. «Барлығына қалыптастыру» батырмасын басыңыз.

AD_4nXdldkB9S5XRxfMKp_RKvGYL2PTUDzwJt-hY

4. Ашылған модальді терезеде келесі деректерді еңгізіңіз:

AD_4nXcMwRFBa6Ge0m8BVQfYc0-E8WEPf064WQHx
  • Табельді жүктеу тілі (қазақша/орысша)

  • Табельдің ортақ деректері:

    • Табель нөмірі

    • Пед. кеңестің шешімі

    • Тәртібі

5. Егер барлық оқушыларға бірдей мәндерді қолданғыңыз келсе, «Барлық сынып үшін қолдану» батырмасын басыңыз.

6. Сыныптағы барлық оқушы көрсетілетін кестеде келесі мәліметтер болады:

AD_4nXdtX-mH9Sigqt1xVm8ZJizf8OtY8ncKEQIQ
  • Сыныптағы мәртебесі

  • Табель нөмірі

  • Пед. кеңестің шешімі

  • Тәртібі

Бұл деректерді әр оқушы үшін жеке өңдеуге болады.

7. «Құру» батырмасын басыңыз.

AD_4nXeUKDGEGw0H2nl8qrEO4vOaci_03EEwa2cz

Таңдалған оқушылар үшін табельдерді қалыптастыру сұранысы жіберіледі.

8. Модальді терезе жабылып, сіз сыныптығ “Табельдер” парақшасына қайта ораласыз.

AD_4nXe7ZaB9qgNh3QxePkTBNn46qoCgvq0fFs3C

Табельдері қалыптастырылып жатқан оқушылардың жанында «Қалыптастырылуда» деген мәртебе көрсетіледі.

9. «Жаңарту» батырмасын басу арқылы табельдің өзекті мәртебесін көре аласыз.

AD_4nXeSaEH1nHs_RU3t6MVVuOHoidzb9BfnwBXb

10. Барлық қалыптасқан табельдерді жүктеу үшін «Қалыптастырылған табельдерді жүктеп алу» батырмасын басыңыз.

AD_4nXcocrR6MZKpg7xoJkHoxZbnZm2bSQh2Czvz

Ашылған модальді терезеде табельдердің статустары және әр статусқа сәйкес табель саны көрсетіледі.

AD_4nXdO2fL_BeowO1oL0JXMUOJtPPmVOCUxYcpE

Содан кейін «Қалыптастырылғандарды жүктеу» батырмасын басыңыз — барлық дайын табельдер автоматты түрде жүктеледі.



Мақала сізге көмек болды ма?