KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

BilimClass арқылы OrtaBilim-ге есеп тапсыру нұсқаулығы

Соңғы өзгерістер: 04.05.2026

BilimClass жүйесінде OrtaBilim жүйесіне есептермен жұмыс істеуге арналған бірыңғай, түсінікті және орталықтандырылған интерфейс жүзеге асырылған.

Мұнда сіз:

  • барлық қолжетімді есептерді көре аласыз
  • қажетті есепті таңдай аласыз
  • есепті жібере аласыз
  • жіберу мәртебесі мен нәтижесін бақылай аласыз

1. Бөлімді қайдан табуға болады

Сол жақ мәзірден өтіңіз:

Есептілік → OrtaBilim есептері

fe63f5f4d25094cdc5861d34faa2b840.png

2. Есептер беті

Өткеннен кейін есептер тізімі бар бет ашылады.

Жоғарғы бөлігінде сүзгілер қолжетімді:

  • OrtaBilim идентификаторы
  • Есеп түрі
    • Контингент бойынша
    • Мұғалім сағаттары бойынша
    • Оқушылардың бағалары бойынша
  • Оқу жылы
  • Есеп айы
  • Есеп мәртебесі
    • Жіберілді
    • Қате

Төменде жіберілген есептердің тізімі көрсетіледі.

95dd4c201acdbd33291f79911944eafd.png

3. Есептерді сүзу

Қажетті есепті табу үшін сүзгілерді пайдаланыңыз.

6b0153ac6728545e2d9b815c001036b5.png

4. Жаңа есепті жіберу

«Жаңа есеп жіберу» батырмасын басыңыз.

8e06796011372c63513f9b392bf91a9f.png

Келесі параметрлерді таңдаңыз:

  • Оқу жылы
  • Есеп түрі (мысалы: контингент бойынша, мұғалім сағаттары бойынша, оқушылардың бағалары бойынша)
  • Есеп айы

«Есепті құру» батырмасын басыңыз.

874b19f9eb707440d8e7981802a59af2.png

5. Есеп мәртебелері

Жіберілгеннен кейін есеп тізімде келесі мәртебелермен көрінеді:

  • Жіберілді — есеп жүйеге жіберілді
  • Қате — жіберу кезінде қате орын алды

6. Қайта жіберу

Егер есеп қате күйінде болса, барлық қателерді түзетіп, есепті толық қайта жүктеу қажет.

Маңызды

  • Бөлім тек мектеп әкімшілеріне қолжетімді
  • Бұл бөлім мектепте OrtaBilim ID болған жағдайда ғана көрсетіледі
  • Егер «Деректер жоқ» деп көрсетілсе, есептер әлі жіберілмеген немесе сүзгілер бойынша табылмады

Келесі қадамдарды орындау арқылы сіз оқушылар контингенті бойынша есепті дұрыс түрде экспорттап, тексеріп және OrtaBilim-ге жібере аласыз.

1. Есептік кезең және файлды жүктеу

Есеп қашан тапсырылады

Контингент бойынша есеп әр айдың 1-і күні тапсырылады.
Есеп өткен ай үшін қалыптастырылады және келесі кезеңді қамтиды:
алдыңғы айдың 2-і күнінен бастап ағымдағы айдың 1-і күніне дейін (қоса алғанда).

Мысалдар:

  • 1 наурыздағы есеп — 2 ақпаннан 1 наурызға дейінгі кезең үшін;
  • 1 сәуірдегі есеп — 2 наурыздан 1 сәуірге дейінгі кезең үшін;
  • 1 мамырдағы есеп — 2 сәуірден 1 мамырға дейінгі кезең үшін.

Қаңтар айының есебі есептіліктің ескі құрылымынан жаңа құрылымына көшуге байланысты екі кезеңде қалыптастырылады. Бірінші бөлігі 16 желтоқсаннан 15 қаңтарға дейінгі кезеңді (қоса алғанда) қамтиды және 15 қаңтарда тапсырылады. 1 ақпанда тапсырылатын қаңтар айының есебі (екінші бөлігі) қысқартылған кезең үшін қалыптастырылады — 16 қаңтардан 1 ақпанға дейін (қоса алғанда). Бұл — бір реттік ерекшелік.

2. Файлды жүктеу

1. Есепті құру батырмасын басқаннан кейін есепті жіберу беті ашылады.

69afdfff332a3cfd04a1eee5f8d12632.png

2. “Деректерді жүктеп алу” батырмасын басыңыз.

0647a155d860dfd258dbcc326d54c088.png

3. Таңдалған ай бойынша барлық оқушылардың деректері бар .xlsx форматтағы файл жүктеледі.

4. Сол жүктелген файлды ашыңыз.

3. Кестемен жұмыс және деректерді тексеру

Есепті жібермес бұрын кестедегі барлық мәліметтерді мұқият тексеру қажет.

3.1 Тексерілетін негізгі бағандар

1. Оқушылар саны

Жүктелген файлдағы оқушылар санын мектептегі нақты оқушылар санымен салыстырыңыз.

  • Егер файлдағы оқушылар саны нақты оқушылар санынан көп болса - оларды кестеден өшіріп, содан кейін BilimClass-та да өшіре аласыз.
  • Егер файлдағы оқушылар саны нақты оқушылар санынан аз болса - бұл оқушылар BilimClass-та жоқ деген сөз. Оларды тек файлға қосып, жіберу мүмкін емес, өйткені жүйе файлдағы оқушылар саны BilimClass-тағыдан көп болған жағдайда қабылдамайды. Алдымен жетіспейтін оқушыларды BilimClass-та қосыңыз, содан кейін қайта жүктеу жасап, файлдағы оқушылар саны нақты оқушылар санына сәйкес болуын қадағалаңыз.

Қажетті оқушыларды қосу үшін BilimClass жүйесіне оқушыны қосу жөніндегі нұсқаулықты пайдаланыңыз:
help.bilimland.kz/l_kaz/knowledge_base/item/317352

2. ЖСН

  • 12 цифрдан тұруы керек.
  • Қайталанбауы тиіс.

3. Оқушы санаты

  • HomeBasedEducation – үйде оқитындар
  • SpecialEducationalNeeds – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар
  • SpecialCorrectionClasses – арнайы түзету сыныптарының оқушылары
  • GeneralEducationClasses – жалпы білім беретін сыныптағы оқушылар 

4. Сынып түрі

  • general – жалпы білім беретін
  • special – коррекциялық
  • other – басқа

5. Ауысым

Тек цифрлар: мысалы, 1, 2 сияқты

3.2 Кестемен жұмыс істеудің негізгі ережелері

1. Оқушыларды таңдалған есептік кезең бойынша ғана тексеріңіз (алдыңғы айдың 2-і күнінен бастап ағымдағы айдың 1-і күніне дейін).

2. Есепке осы кезең аралығында мектепте болған барлық оқушылар кіруі тиіс - келгендері де, шыққандары да.

3. Excel-де нөльмен басталатын ЖСН дұрыс көрсетілмеуі мүмкін – жүйе оны қате деп санайды.
Мұндай ЖСН-дерді міндетті түрде қолмен тексеріп, 12 цифрға дейін түзету қажет.

4. Егер файлда оқушылар жетіспесе – оларды BilimClass-қа қосып, файлды қайта жүктеңіз.

5. Егер оқушы есептік кезең барысында мектептен шықса - оқушыны файлдан өшірмеңіз, оны қалдыру қажет.

6. Бір есептік кезең ішінде бірдей ЖСН-ді қайталау - қатаң түрде тыйым салынған.
OrtaBilim мұндай файлды қабылдамайды.

7. Егер оқушы есептік кезең ішінде шығып, қайта келген болса - тек соңғы жазбасын қалдыру керек.

8. Резидент емес балаларды есепке қосуға болмайды. Бұл мәселе бойынша сұрақтар туындаса, тікелей OrtaBilim мамандарына жүгіну қажет.

9. Актілерді қалыптастыру, қаржыландыру және OrtaBilim жүйесінің ішіндегі жұмысқа қатысты сұрақтар бойынша OrtaBilim-ге тікелей жүгініңіз: https://t.me/OrtaBilim/2237.
BilimClass командасы тек BilimClass жүйесіне және деректерді жіберуге қатысты сұрақтар бойынша көмектесе аламыз.

Егер оқушы есептік кезеңде мектепте тіркелмеген болса, жүйе толықтай есепті қабылдамайды.

Ескерту: Егер ұйымыңызда бірнеше OrtaBilim идентификаторы болса (мысалы, әр түрлі мекенжайдағы корпустар), міндетті түрде біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Қолдау қызметі дүйсенбі күнінен жұма күніне дейін 9:00-18:00 уақыт аралығында жұмыс жасайды.

Мемлекеттік мереке күндері қолдау қызметі жұмыс істемейді.

Байланыс нөміріміз: 8 (707) 944 95 94

Бізге What’s App және Telegram қосымшалары арқылы жаза аласыз.

4. Есепті BilimClass жүйесіне жүктеу

1. Деректерді тексергеннен кейін “Жіберу үшін Excel файлын жүктеңіз” батырмасын басыңыз.

81f75b0e6400564a2ffde81fb2b1ece1.png

2. Тексерілген файлды таңдаңыз.

c7119ac1cc2bdad91226011550ccadf6.png

3. Жүйе файлды тексеріп, қателер болса, оларды тізіммен көрсетеді.

Егер қателер болса - олар тізім ретінде көрсетілетін болады. Барлық көрсетілген қателерді түзетіп, толық файлды қайта жүктеу қажет.

a07d1f551a4ed05a1fc8db581076de4d.png

Егер қателер жоқ болса - жүйе сәтті жүктелгені туралы хабарлама көрсетеді.

a067730a76d04a7cce3970a5906b26ea.png

Есепті жібергеннен кейін деректерді OrtaBilim жүйесінің өзінде тексере аласыз.

OrtaBilim ID-ді сыныпқа байланыстыру

Дұрыс есептілік қалыптастыру үшін әр сыныпты тиісті OrtaBilim ID-ге байланыстыру қажет.

Қалай байланыстыруға болады:

Сол жақ мәзірден өтіңіз:

Мектепті басқару → Оқушылар мне сыныптар

bda1b30b0430cf93a9827fd30d78d6e1.png

Қажет болса, «OrtaBilim School ID көрсету» жалаушасын қосыңыз

df1345c0c65d265de6843b995b3523be.png

Тізімнен қажетті сыныпты табыңыз

«Толығырақ» бағанындағы өңдеу белгішесін (қарындаш) басыңыз

Ашылған формада:

«OrtaBilim School ID» өрісін табыңыз

Тізімнен қажетті ID таңдаңыз

«Сақтау» батырмасын басыңыз

070deb77653c0b0a4442534a3914a52a.png

Маңызды:

  • OrtaBilim School ID өрісі міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • Сынып ID-ге байланыстырылмаса, есепті дұрыс жіберу мүмкін болмайды
  • Сыныптағы барлық оқушылар таңдалған OrtaBilim ID-ді автоматты түрде қабылдайды

Мақала сізге көмек болды ма?