KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Ел / облыс / аудан деңгейіндегі аналитика

Соңғы өзгерістер: 22.01.2026

Бұрын «Аналитика → Білім сапасы және үлгерім» бөлімі тек мектеп деңгейінде ғана қолжетімді болатын. Жаңарту аясында бұл бөлім кеңейтіліп, енді ел, облыс және аудан деңгейлерінде аналитиканы көруге мүмкіндік береді.

Бөлім әдіскерлерге олардың қолжетімділік деңгейіне байланысты ашық:

  • Ел әдіскері — бүкіл ел бойынша аналитиканы көреді;
  • Облыс әдіскері — тек өз облысы бойынша аналитиканы көреді;
  • Аудан әдіскері — тек өз ауданы бойынша аналитиканы көреді.

Аудан деңгейіне өткен кезде осы ауданға кіретін мектептер бойынша аналитика қолжетімді болады.


Аналитика бөлімін қалай ашуға болады

1. Жүйеге өз аккаунтыңызбен кіріңіз.

2. Сол жақ мәзірден Аналитика бөліміне өтіңіз.

Өту барысында сіздің қолжетімділік деңгейіңізге сәйкес аналитика беті ашылады (ел, облыс немесе аудан).


Сүзгілер мен талдау параметрлері

Беттің жоғарғы бөлігінде негізгі талдау параметрлері көрсетіледі:

1. Оқу жылы — оқу жылын ауыстыру.

2. Кезең — тоқсанды таңдау (1–4).

3. Мектеп түрі:

  • толық жинақты мектеп
  • шағын жинақты мектеп
  • барлығы

4. Оқыту тілі — таңдалған оқыту тілі бойынша деректерді көрсету.

Маңызды!
Таңдалған сүзгілер беттегі барлық деректерге қолданылады және деңгейлер арасында ауысқанда (ел → облыс → аудан) сақталады.


Интерактивті карта

Сүзгілердің астында интерактивті карта көрсетіледі:

  • ел деңгейінде — облыстар көрсетілген ел картасы;
  • облыс деңгейінде — аудандар мен қалалар көрсетілген облыс картасы;
  • аудан деңгейінде — таңдалған ауданы белгіленген облыс картасы.

Картамен жұмыс істеу

1. Аналитикасы қолжетімді барлық өңірлер білім сапасы көрсеткішіне байланысты түрлі түспен белгіленеді.

2. Өңірдің үстіне меңзерді апарғанда келесі көрсеткіштері бар терезе ашылады:

  • білім сапасы;
  • үлгерім;
  • мектептер саны;
  • оқушылар саны.

3. Өңірді басу арқылы аналитиканың келесі деңгейіне өтуге болады.

Картаның оң жағында ағымдағы деңгей бойынша (ел / облыс / аудан) жиынтық көрсеткіштері бар ақпараттық блок көрсетіледі.


Аналитика қойындылары

Картаның астында үш қойынды орналасқан:

  • Білім сапасы
  • Үлгерім пайызы
  • Үлгерім статистикасы

Әдепкі бойынша «Білім сапасы» қойындысы ашылады.


«Білім сапасы» қойындысы

1-қадам. Облыстар бойынша білім сапасы

Жоғарғы блокта бағанды диаграмма көрсетіледі:

  • ел деңгейінде — барлық облыстар бойынша;
  • облыс деңгейінде — барлық аудандар бойынша;
  • аудан деңгейінде — бұл блок көрсетілмейді.

Әдіскер:

  • өңірлер арасындағы көрсеткіштерді салыстыра алады;
  • қажетті облысты немесе ауданды басу арқылы төмендегі деректерді сүзгілей алады.

Таңдалған өңірді қайта басу жалпы деректерді көрсетуге қайтарады.


2-қадам. Параллельдер бойынша білім сапасы

Келесі блокта параллельдер бойынша білім сапасының диаграммасы көрсетіледі.

  • Әдепкі бойынша барлық параллельдер қамтылады.
  • Нақты бір параллель таңдалғанда (мысалы, 10-параллель), төмендегі деректер жаңартылып, тек сол параллель бойынша көрсетіледі.

3-қадам. Пәндер бөлінісіндегі білім сапасы

Төменде пәндер бойынша білім сапасының диаграммасы көрсетіледі.

  • Сүзгі таңдалмаған жағдайда барлық сыныптардың пәндері көрсетіледі.
  • Параллель таңдалса, тек сол параллельге тиесілі пәндер көрсетіледі.

«Үлгерім пайызы» қойындысы

Бұл қойынды «Білім сапасы» қойындысы сияқты жұмыс істейді, бірақ жалпы үлгерім пайызын көрсетеді.

Кезекпен келесі блоктар көрсетіледі:

  • облытсар бойынша үлгерім (облыстар / аудандар);
  • параллельдер бойынша үлгерім;
  • пәндер бөлінісіндегі үлгерім.

Өңір, параллель немесе пән таңдалған кезде төмендегі блоктар автоматты түрде жаңартылады.


«Үлгерім статистикасы» қойындысы

Бұл қойындыда оқушылардың оқу санаттары бойынша бөлінуінің егжей-тегжейлі статистикасы көрсетіледі.

1-қадам. Параллельдер бойынша гистограмма

Деректері қолжетімді параллельдер бойынша график көрсетіледі.

Параллельдің үстіне меңзерді апарғанда келесі сол санаттар бойынша оқушылар саны көрсетіледі:

  • үздіктер;
  • екпінділер;
  • бір «4»-і бар;
  • бір «3»-і бар;
  • үлгеретіндер;
  • үлгермейтіндер;
  • аттестатталмағандар.

2-қадам. Жалпы статистика

Гистограмманың астында жиынтық блок көрсетіледі:

  • оқушылардың жалпы саны;
  • үздіктер саны;
  • екпінділер саны;
  • үлгеретіндер саны;
  • үлгермейтіндер саны;
  • аттестатталмағандар саны.

«Үлгермейтіндер» және «Аттестатталмағандар» санаттары визуалды түрде ерекшеленіп көрсетіледі.


3-қадам. Мектептер тізімі

Беттің төменгі бөлігінде кесте көрсетіледі:

  • ел деңгейінде — алдымен жиынтық көрсеткіштері бар облыстар көрсетіледі;
  • облыс деңгейінде — аудандар көрсетіледі;
  • аудан деңгейінде — мектептер тізімі көрсетіледі.

Кестеден келесі өту мүмкін:

  • облыстан — аудандар аналитикасына;
  • ауданнан — нақты мектептің аналитикасына.

Аналитика деңгейлері арасында ауысу

Ауысу бірнеше тәсілмен жүзеге асады:

  • интерактивті карта арқылы;
  • диаграммалар арқылы;
  • өңірлер немесе мектептер тізімі бар кесте арқылы.

Әр ауысу кезінде:

  • таңдалған сүзгілер сақталады;
  • деректер таңдалған деңгейге сәйкес жаңартылады.

Есептеу формулалары

Білім сапасы (%) = (Үздік оқушылар саны + Екпінді оқушылар саны) / (Үздік оқушылар саны + Екпінді оқушылар саны + Қанағаттанарлық оқитын оқушылар саны + Үлгерімі төмен оқушылар саны) × 100%

Үлгерім пайызы (%) = (Үздік оқушылар саны + Екпінді оқушылар саны + Қанағаттанарлық оқитын оқушылар саны) / (Үздік оқушылар саны + Екпінді оқушылар саны + Қанағаттанарлық оқитын оқушылар саны + Үлгерімі төмен оқушылар саны) × 100%

Мақала сізге көмек болды ма?