KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Пайдаланушы нұсқаулығы

Соңғы өзгерістер: 13.07.2026

ChatGPT Edu жүйесіне қалай кіруге болады?

ChatGPT Edu-ге кіру үшін келесі шарттарды орындауыңыз қажет:

  • ai.bilimclass.kz платформасына кіру (логин мен парольді ұйымыңыздың әкімшісінен аласыз)
  • Freedom Bank-тен SuperCard картасын ашу және телефоныңызда Freedom SuperApp қосымшасы орнатылған болуы тиіс
  • Кіріспе оқыту модулінен өту керек. Кіріспе оқыту модулі тек жоғарыдағы шарттар орындалғанда және бос лицензиялар болған жағдайда ғана ашылады

Оқыту модуліне өту үшін «Курсқа өту» батырмасын басыңыз.

28e354b877c39dc593c6865c7cfa9233.png

Кіріспе модулінен өткеннен кейін ChatGPT Edu-ге кіру үшін тіркелгі деректері қолжетімді болады

f5d607908113752a8ba7498b4be757bc.png

Сондай-ақ кіріспе модульді аяқтаған соң, бұл деректерді «Профиль» бөлімінен таба аласыз

26806f02510fec6b0d62bd3be4a6d92b.png

Кіру кезінде туындауы мүмкін қате

1. "Ұйымның бағдарламаға қолжетімділігі жоқ"

f399bee7a3f58ac905928762066db906.png

Себебі: ai.bilimclass.kz сайтына кіре алмай, телефон нөміріңіз арқылы жеке тіркеліп, кейін сол нөмірмен кіріп кеттіңіз

Сізге не істеу керек?

Шешімі:

  • Аккаунттан шығып кетіңіз
  • Ұйымның әкімшісінен логиніңіз бен құпиясөзіңізді алыңыз
  • Жаңа браузер ашыңыз
  • Логин мен құпиясөз арқылы аккаунтқа қайтадан кіріп көріңіз

Қолдау қызметіне хабарласудың қажеті жоқ!

Ескерту!

Сайтқа электронды пошта мекенжайы, телефон нөмірі немесе Договор24 аккаунты арқылы кіруге болмайды. Дұрыс тек арнайы логин және құпиясөзбен кіре аласыз. Аккаунттың деректерін ұйымның басшысы немесе жауапты маманнан ала аласыз. Сонымен қатар, ұйымның әкімшісі сізді ai.bilimclass.kz сайтына мұғалім ретінде қосқанына көз жеткізіңіз

2. "Мұндай ЖСН бұрыннан бар"

b3f975a7d574fb4e57e617aff92a4f3b.png

Себебі: Терген ЖСН ai.bilimclass.kz сайтының деректер қорында бар

Шешімі:

  • ЖСН-ді қолмен логинге қосу үшін қолдау қызметіне хабарласыңыз. Қолдау қызметінің нөмірі: +77003449505/+77079449594
  • Бізге барлық деректерді бір мәтінмен жіберіңіз:
    • Ұйымның БСН-і
    • Педагогтың логині
    • Логин тиесілі педагогтың ЖСН-і
Ескерту!

Еш жағдайда ұйымның БСН-ін енгізбеңіз

3. "Freedom SuperCard ашылмаған"

c4e8829d765c29d710e76e5ab34c010d.png

Себебі: ai.bilimclass.kz сайтында карта туралы деректер жаңармаған немесе Freedom Bank тарапынан карта белсендірілмеген

Шешімі:

  • Аккаунттан шығып кетіңіз
  • 15 минут күте тұрыңыз
  • Жаңа браузер ашыңыз
  • Қайтадан аккаунтқа кіріп көріңіз
  • Парақшаны жаңартыңыз
  • Freedom Bank қолдау қызметіне 595 нөмірі бойынша хабарласыңыз
  • Картаны белсендіріңіз

Қолдау қызметіне хабарласудың қажеті жоқ!

Ескерту!

Freedom SuperCard картасын ашқаныңызға көз жеткізіңіз. Карта ашылмаған болса, карта ашуыңызды сұраймыз

4. "Өкінішке қарай, деректер табылмады. ChatGPT Edu қызметіне қолжетімділік тек педагогтерге арналған"

7c9a25981bd75b969e07cd1c2d0dc633.png

Себебі: Сіз сайтқа әдіскер, әлеуметтік педагог немесе тех-персонал рөліндегі логинмен кірдіңіз

Шешімі:

  • Қолдау қызметіне хабарласып, рөліңізді "мұғалімге" ауыстырыңыз. Қолдау қызметінің нөмірі: +77003449505/+77079449594
  • Бізге барлық деректерді бір мәтінмен жіберіңіз: ұйымның БСН-і, педагогтың логині
  • Жаңа браузер ашыңыз
  • Қайтадан ai.bilimclass.kz сайтына кіріп көріңіз
Ескерту!

Бұл қателіктің алдын алу үшін барлық педагогтарды сайтқа мұғалім рөлінде қосыңыз

5. "Қате орын алды, кейінірек көріңіз"

ef7398a9b4c3bd3a1a9b1463e47ce50f.png

Себебі: Сіз сайтқа кіруге тырысып жатқан аккаунт жойылған (бұл кез келген рөлдегі аккаунт болуы мүмкін) немесе аккаунттың кіру деректері жарамсыз болып қалған

Шешімі:

  • Аккаунтыңызды қалпына келтіру үшін қолдау қызметіне хабарласыңыз. Қолдау қызметінің нөмірі: +77003449505/+77079449594
  • Жаңа браузер ашыңыз
  • Аккаунтқа кайтадан кіріп көріңіз
  • Әкімші арқылы құпиясөзді жаңартып көріңіз
Ескерту!

Егер сіз ұйым әкімшісі болсаңыз, сайттағы қажетті аккаунтты ешбір жағдайда жоймаңыз

6. "Бос орындар жоқ"

03316687c8a84ba7b210c18bf4db1338.png

Себебі: ChatGPT Edu-ге кіруге арналған лицензиялардың саны таусылған

Шешімі:

  • Дәл қазір сіз ештеңе жасай алмайсыз
  • Қалған барлық талаптардың орындалғанына көз жеткізіңіз
  • Егер барлық шарттар орындалса, аккаунтты өзгертпей сол күйінде қалдырыңыз

Қолдау қызметіне хабарласудың қажеті жоқ!

Ескерту!

Лицензиялар таусылған жағдайда педагогтар курсты әрі қарай өте алмайды. Курсты аяқтау мүмкін болмағандықтан, ChatGPT Edu жүйесіне де кіру қолжетімсіз болады. Бос лицензиялардың болуы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Қолдау қызметіне хабарласудың қажеті жоқ, мәселеңіз қолдау қызметінің құзыретінде емес

ChatGPT Edu-ге қалай кіруге болады?

ChatGPT жүйесіне кіру үшін https://chatgpt.com/ cайтына өтіңіз немесе ChatGPT мобильді қосымшасын орнатыңыз. Содан кейін «Кіру» батырмасын басыңыз.

8febd9444e53cf17a6f6d83fca43688d.png

Электрондық поштаны (email) енгізіңіз (@bilimclass.kz), ол сізге кіріспе модулі аяқтағаннан кейін берілген

7e714d74b6f39a96c39985053fc0b3b5.png

MoE Kazakhstan батырмасын басыңыз

8b0c2f406d6e06c29acd8fff58363a28.png

BilimLand экожүйесіне арналған логин мен парольді енгізіңіз

10e43824373ec01138178cac2abcf12a.png

Кіруді растаңыз: «Approve sign-in» батырмасын басыңыз

4f5f60d65bd5ff76722947839b792b24.png

Кіру кезінде қандай қате туындауы мүмкін және оны қалай шешуге болады?

"Проверьте свою почту. Введите код подтверждения" или "Создайте пароль"

699d671b9819ed707ebbcacd46d5e656.png

Себебі: Сіз ChatGPT.com сайтында электрондық пошта мекенжайын қате енгізіп жатырсыз, сондықтан сайт сізді сәйкестендіруге тырысады

Шешімі:

  • ChatGPT.com платформасынан шығып кетіңіз
  • ai.bilimclass.kz сайтына мұғалімдік логиніңіз арқылы кріңіз
  • Профиліңізді ашып, электронды пошта мекенжайын көшіріп алыңыз
  • Курсты өткеніңізге көз жеткізіңіз
  • ChatGPT.com платформасына қайтадан кіріңіз
  • "Кіру" батырмасын басып, көшіріп алған электронды пошта мекенжайын енгізіңіз
  • Жаңа браузерді инкогнито режимінде ашып, қайтадан кіріп көріңіз

Қолдау қызметіне хабарласудың қажеті жоқ!

Ескерту!

ChatGPT.com платформасына тек курсты аяқтағаннан кейін берілген электрондық пошта арқылы ғана кіруге болады

Мақала сізге көмек болды ма?