Мектеп бойынша үлгерім есебін көру үшін: Сол жақ мәзір → Мониторинг → Мектеп бойынша үлгерім бөліміне өту қажет.

Қажетті тоқсанды таңдаңыз, содан кейін облыстың әр ауданы бойынша жиынтық есеп ашылады.

Есеп келесі ақпараттық бағандардан тұрады:
- Аудан – облыс аудандары
- Мектептер саны – аудан бойынша мектептердің жалпы саны
- Кезең жаппаған – қажетті кезеңде барлық журналдары жабылмаған мектептер саны
- Оқушылар саны – аудан бойынша оқушылардың жалпы саны
- Оқу озаты – аудан бойынша үздік оқушылар саны
- Екпінділер – аудан бойынша жақсы оқитын оқушылар саны
- Үлгерушілер – аудан бойынша үлгерімі бар оқушылар саны
- Үлгермеушілер – аудан бойынша үлгермейтін оқушылар саны
- Аттестациясы жоқ – аудан бойынша аттестатталмаған оқушылар саны
- Уақытша аттестациясы жоқ – бір немесе бірнеше пән бойынша “Уақытша аттестациясы жоқ” бағасы қойылған оқушылар саны
- Бір пән бойынша “4” – аудан бойынша тек бір пәннен “4” алған оқушылар саны
- Бір пән бойынша “3” – аудан бойынша тек бір пәннен “3” алған оқушылар саны
-
Білім сапасы % – білім сапасының пайыздық көрсеткіші. Есептеу тәсілі:
(үздіктер саны + жақсы оқитындар саны) / (оқушылардың жалпы саны) × 100% -
Үлгерім сапасы % – үлгерім сапасының пайыздық көрсеткіші. Есептеу тәсілі:
((үздіктер + жақсы оқитындар + үлгерімді оқушылар) / оқушылар саны) × 100% - Орташа балл – параллельдегі оқушылардың барлық пәндер бойынша орташа бағасы. Есептеу тәсілі: Барлық қорытынды бағалар қосылып, бағалар санына бөлінеді.
- Толығырақ – аудан мектептері / мектеп сыныптары мен параллельдері бойынша толық ақпаратқа өту
Ауданды таңдап, «Толығырақ» батырмасын басыңыз – ауданның әр мектебі бойынша деректер ашылады.

Мектепті таңдап, «Толығырақ» батырмасын басыңыз – мектептің әр параллелі бойынша деректер ашылады.

Параллельді таңдап, «Іс-әрекет» батырмасын басыңыз – әр оқушы бойынша деректер ашылады.

Кесте 12 ақпарат бағандарынан тұрады:
1. Баға 5 - таңдалған кезең ішінде оқушы алған “5” бағасының саны.
Ескерту! “Баға 5” бағанында “Сыналды” бағасын алған кездер де есептеледі.
Мысалы: Арманда “Баға 5” бағанында 4 саны тұр, оның үшеуін арман математика, қазақ тілі, география пәндерінен алды, ал қалған біреуі - дене шынықтыру пәне бойынша “Сыналды” деген баға.
2. Баға 4 - таңдалған кезең ішінде оқушы алған “4” бағасының саны.
3. Баға 3 - таңдалған кезең ішінде оқушы алған “3” бағасының саны.
4. Баға 2 - таңдалған кезең ішінде оқушы алған “2” бағасының саны.
Ескерту! “Баға 2” бағанында “Сыналмады” бағасын алған кездер де есептеледі.
Ескерту! Баға “5”, Баға “4”, Баға “3”, Баға “2”, бағандарының астындағы сандар, сол бағаның САНЫН көрсетеді.
5. Аттестатталмады - оқушыға қойылған “Аттестатталмады” бағаларының саны.
6. Таңдалмады - оқушыға қойылған “Таңдалмады” бағаларының саны.
7. Уақытша аттестатталмады - оқушыға қойылған "Уақытша аттестатталмады" бағалар саны.
8. Босатылған - белгілі бір себеп бойынша сабақтан босатылған.
9. Категория - оқушы үлгерімі бойынша жататын категориясы (оқу озаты, екпінді, үлгеруші, үлгермеуші).
10. Субкатегория - бір ғана пән бойынша “4” не “3” бағасы болған жағдайда толтырылады.
11. Орташа балл - оқушының орташа балы. Есептеу жолы:
Оқушының барлық пәндер бойынша бағалары қосылып, бағалардың санына бөлінеді.
12. Іс-әрекет - іс-әрекет бағанындағы көрсеткішті басу арқылы, “Сынып бойынша үлгерім” бетіне өте аласыз. “Сынып бойынша үлгерім” беті, белгілі бір сынып оқушылары туралы кеңейтілген ақпарат береді.
