KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

BilimClass қосымшасында баланы қалай қосуға болады (ата-анаға арналған нұсқаулық)

Соңғы өзгерістер: 21.09.2026

Енді баланы тікелей қосымшада қосуға болады. Бұл сіз ата-ана ретінде тіркелгеніңізде, бірақ бала әлі сіздің аккаунтыңызға байланбаған жағдайда немесе тағы бір баланы қосқыңыз келгенде қажет.

Не қажет болады:

  • Сіздің ата-ана ретіндегі телефон нөміріңіз бен құпиясөзіңіз.
  • Баланың логині мен құпиясөзі. Оларды сынып жетекшісі береді.
  • Баланың ЖСН-ін енгізу қажет емес.

1-қадам. Ата-ана ретінде кіріңіз

  • BilimClass қосымшасын ашыңыз.
  • «Кіру» экранында «Мен ата-анамын» қойындысын таңдаңыз.
e7bbedf80df3a22f866b0e906e3459df.jpg
  • Телефон нөміріңіз бен құпиясөзіңізді енгізіп, «Кіру» батырмасын басыңыз.
70b847a7f11094670bbddfb3c4eb985b.jpeg


Егер әлі аккаунтыңыз болмаса, «Тіркелу» батырмасын басыңыз. Құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, «Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» деген батырманы басыңыз.

"Тіркелу" батырмасын басқан соң, сізді бірден сайтқа бағыттайды. Телефон нөміріңізді енгізіп, пайдаланушы келісіміне құсбелгіні қойып, "Жіберу" батырмасын басыңыз. 

bd52d64174daf359abff9f7e70336f12.jpg

Сіздің нөміріңізге келген SMS-кодты, аты-жөніңізді енгізіп тіркеліңіз. 

2-қадам. «Баланы қосу» батырмасын басыңыз

Аккаунтқа әлі бірде-бір бала байланбаған болса, кіргеннен кейін «Балалар әлі қосылмаған сияқты» экраны шығады. «Баланы қосу» түймесін басыңыз.

c31090ea2f4162c45e7acc86c6670e3e.jpg

3-қадам. Баланың логині мен құпиясөзін енгізіңіз

«Баланы қосу» терезесі ашылады.

  • «Баланың логині» өрісіне сынып жетекшісі берген логинді енгізіңіз.
  • «Баланың құпиясөзі» өрісіне құпиясөзді енгізіңіз. Дұрыс енгізгеніңізді тексеру үшін өрістің оң жағындағы көз белгішесін басыңыз.
  • «Қосу» батырмасын басыңыз.
ee0859293167c1a580906976f8aed817.jpg

Терезені өзгеріссіз жабу үшін «Бас тарту» түймесін немесе бұрыштағы "Х" белгісін басыңыз.

4-қадам. Дайын

Қосымша баланың сабақ кестесін ашады. Баланың атын және сыныбын экранның жоғарғы бөлігінен көресіз. Қайта шығып, қайта кіру қажет емес.

ac4dcc9cc168d1aab0d42099f1ffa829.jpg


Кіргеннен кейін «Өткен оқу жылдарындағы жазбалар табылды» экраны шықса

Бұл сіздің аккаунтыңызға балалар бұрыннан байланғанын, бірақ олардың ағымдағы оқу жылы бойынша деректері жоқ екенін білдіреді. Тізімде әр баланың сыныбы мен оқу жылы, сондай-ақ хабарлама көрсетіледі:

0234036667ed02c6efbde13f1d3fed95.jpeg
  • Бала мектепте тіркелген, бірақ ағымдағы оқу жылында оның сыныбы жоқ. Ата-ана бұл жағдайда ештеңе жасай алмайды, мектептің баланы жаңа оқу жылына ауыстыруы қажет. Осыдан кейін ол қосымшада өзі пайда болады, қайта қосудың қажеті жоқ.
  • Оқушының жанындағы түймені басу арқылы веб-бетке өте аласыз, сізде «Балаларды басқару» бөлімі ашылады.
  • «Жаңа баланы қосу» түймесін басу арқылы өзіңіздің басқа балаңызды да қоса аласыз, оқушының логині мен құпиясөзі арқылы жүзеге асырылады.
0e143b9a6eb3d90d65a7a5ce41bfb61d.jpg

Қосымшада басқа баланы қалай қосуға болады

Бір баланы қосқаннан кейін, қосымшада басқа балаларыңызды да қоса аласыз.

Ол үшін басты беттегі балаңыздың деректерін басыңыз.

c217a40de5f0fe5387f7b0fd62bf83a0.jpg

Қосылған балалардың тізімі мен «Балаларды басқару» түймесі ашылады. Батырманы басыңыз.

95ba3ba7de9bd2d20a00a01ec0cc117d.jpg

«Баланы қосу» түймесін басыңыз.

beb66594cbe155baebcc481b5f685535.jpg

Сынып жетекшісінен алған баланың логині мен құпия сөзін енгізіңіз. "Қосу" батырмасын басыңыз. 

654f8f4a5ad94f30d8d2fc9325771161.jpg

Балаңыз сәтті қосылды.

Қосымшада баланы қалай тіркеуден шығаруға болады

Баланы ажырату үшін қажетті баланың жанындағы қызыл белгішені басыңыз.

f26c5002284d67931b79dadb660fa262.jpg

«Баланы ажырату» түймесімен әрекетті растаңыз.

195b9064d980f66796c4e76dc3b3f701.jpg

Оқушы сіздің балаларыңыздың тізімінен жойылады, енді сіз оның сабақ кестесі мен бағаларын көре алмайсыз.


«Баланы қосу» және "Балаларды басқару" түймесі жоқ. Не істеу керек?

Қосымшаны App Store немесе Google Play-де соңғы нұсқасына дейін жаңартыңыз. Ескі нұсқаларда баланы тек bilimclass.kz сайтында ғана қосуға болады.

Баланың ЖСН-і керек пе?

Жоқ. Баланың логині мен құпиясөзі жеткілікті.

Бала мектепті бітірді немесе ауысты. Неге ол қосымшада жоқ?

Қосымшада тек ағымдағы оқу жылында оқитын балалар ғана көрсетіледі. Өткен жылдардағы деректерді bilimclass.kz сайтынан қараңыз.

Мақала сізге көмек болды ма?